Негізгі мазмұнға өту
main content, press tab to continue

Жалпы ақпарат

"Уиллис Тауэрс Уатсон сақтандыру брокері (Қазақстан)" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
050040, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 77/7
+7 727 232 1122
Дүйсенбі - Жұма, 9:00 - 18:00

Акционерлер

WILLIS INTERNATIONAL LIMITED (100%-дан 99%)
Ұлыбритания, Лондон EC3M 7DQ, Лайм Стрит, 51

WILLIS EUROPE BV (100%-дан 1%)
Ұлыбритания, Лондон EC3M 7DQ, Лайм Стрит, 51

Басшылық

Омархан Тасбатырович Тлеугабылов
Бас директор
2018 жылғы 27 шілде

Жанна Алтаевна Мусина
Бас бухгалтер
2018 жылғы 17 қыркүйек

Тіркеу мәліметтері

Тіркеу туралы анықтама қоса беріледі

Жүктеу
Тақырып Файл түрі Файл көлемi
Certificate-of-Registration PDF .1 mb
Certificate-of-Re-Registration PDF .86 mb

Лицензия

2019 жылғы 09 сәуірдегі № 2.3.31 сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия қоса беріледі

Жүктеу
Тақырып Файл түрі Файл көлемi
License PDF .1 mb

Қызмет түрі

  1. өз атынан және сақтанушының тапсырмасы бойынша сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызмет;
  2. өз атынан және қайта сақтанушының (цеденттің) тапсырмасы бойынша қайта сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызмет;
  3. сақтандыру (қайта сақтандыру) мәселелері бойынша консультациялық қызмет;
  4. сақтандыруға (қайта сақтандыруға) заңды тұлғаларды тарту;
  5. сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының көрсететін қызметтеріне және қаржылық жай-күйіне салыстырма талдау жүргізу;
  6. сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары ұсынатын қызметтерге салыстырма талдау жүргізу мақсатында сақтандыру объектілері туралы ақпарат жинау;
  7. клиенттердің тапсырмасы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) талаптарын, сақтандырушыларды (қайта сақтандырушыларды) таңдау өлшемшарттарын әзірлеу, сақтандыру тәуекелдерін анықтау жөніндегі сараптамалық қызметтер көрсету;
  8. сақтанушының (цеденттің) тапсырмасы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасасу үшін қажетті құжаттарды дайындау және (немесе) ресімдеу, сақтандыру мәселелері бойынша ақпарат жинау;
  9. сақтанушының (цеденттің) тапсырмасы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын ресімдеу;
  10. сақтанушымен (цедентпен) тиісті келісім болған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтанушылардан (цеденттерден) сақтандыру сыйлықақыларын кейіннен оларды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына аудару үшін жинау;
  11. клиенттердің тапсырмасы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) немесе ортақ сақтандыру (бірлескен қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру тәуекелдерін орналастыру;
  12. сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасасу, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру, сақтандыру жағдайы басталған кезде наразылықтарды қарау кезінде құжаттардың, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасуға байланысты басқа да құжаттарды ресімдеу
  13. сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушының (цеденттің), пайда алушының сақтандыру төлемін алуына қатыты кеңестер беру және жәрдем көрсету;
  14. сақтандыру төлемін алу үшін қажетті құжаттарды берілген өкілеттіктерге сәйкес ресімдеу;
  15. сақтанушының (цеденттің) тапсырмасы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарынан сақтандыру төлемдерін кейіннен оларды сақтанушыға (цедентке), пайда алушыға беру үшін жинау;
  16. сақтандыру жағдайы басталған кезде мүдделі тұлғалардың тапсырмасы бойынша залалдарды қарастыру және реттеу жөніндегі құжаттарды дайындау;
  17. залалды бағалау және сақтандыру төлемінің мөлшерін айқындау бойынша сарапшылар көрсететін қызметтерді ұйымдастыру;
  18. оның қатысушыларымен жасалған келісім негізінде сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының қызметін басқару.

Қаржылық есептілік

Аудиторлық ұйыммен расталған жылдық қаржылық есептілік қоса беріледі

Название Тип файла Размер файла
Financial statements - 2022 PDF 1.46 mb
Financial statements - 2021 PDF 8.15 mb
Financial statements - 2020 PDF 3.5 mb
Financial statements - 2019 PDF 11.4 mb

Ассоциацияларға қатысу

Компания 2019 жылғы 22 ақпаннан бастап "Қазақстан қаржыгерлер ассоциациясы" ЗТБ мүшесі болып табылады

Жүктеу
Тақырып Файл түрі Файл көлемi
Certificate-of-membership PDF .4 mb
Кәсіби жауапкершілікті сақтандыру
Құжат 2023 жылғы 3 тамыздағы № Z01-6010-0009522220 Сақтандыру шарты
Сақтандырушы "Халық" сақтандыру компаниясы" АҚ
Сақтандыру объекті Сақтанушының (Сақтандырылушының) өзінің кәсіби қызметін жүзеге асыра алмауынан немесе асыру кезінде немқұрайлықпен жасалынған қателіктер немесе олқылықтардың нәтижесінде туындаған үшінші тұлғалардың залалдарын өтеу міндетімен байланысты Сақтанушының (Сақтандырылушының) мүліктік мүдделері сақтандыру объектісі болып табылады.
Сақтандыру жағдайы Сақтанушының, төлем негізінде немесе өзгеше шарттарда, басқа тұлғаларға кәсіптік қызметін көрсете алмауы немесе көрсету барысында қаржылық шығындарға немесе мүліктік зиянға әкеліп соқтыратын немқұрайлықпен жасалған әрекеттері, қателіктері немесе олқылықтары сақтандыру жағдайы болып табылады.
Сақтандыру сомасы Әрбір сақтандыру жағдайы бойынша және жылдық жиынтықта 1,877,631,625 теңге
Сақтандыру мерзімі 2023 жылғы 1 шілдеден бастап 2024 жылғы 30 маусымға дейін, екі күнді қоса алғанда

ЖАҢАЛЫҚТАР

15.10.2021
«Страховой брокер Уиллис Тауэрс Уатсон (Қазақстан)» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі БСН 180 840 000 417 өз мекенжайындағы өзгеріс туралы хабарлайды: 050040, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 77/7